Жастар саясаты
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 24 қаңтар 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам » Ішкі саясат

Жастар саясаты

Енгізілді: 11.03.2014Өзгертілді: 06.01.2020

Мемлекеттік жастар саясат саласындағы атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат

Статистикалық мәліметтер:

Жалпы, Статистикалық мәліметке сәйкес қала халқының 67 мың 583-ін 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.

Бұл жалпы халықтың 21,9% пайызын құрайды.

(Оның ішінде ерлер 34 210, әйелдер 33 373, қала жастары 60 518, ауыл жастары 7 065 құрап отыр).

15 пен 28 жас аралығындағы жұмыс күшінің саны 35 602-ні құрап отыр

Мұнан бөлек, қала орталығындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында 28 мың 974 студент жастар білім алуда.

(жоғарғы оқу орны 11 498 жас, арнаулы оқу орнында 17 476 жас)

Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде қалалық бюджеттен 36 142 000 теңге көлемінде қаржы бөлініп, жастар саясаты саласы бойынша 2019 жылға 12 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Атап айтқанда:

«Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларға құқықтық, психологиялық кеңестер беру жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 300 000 тг.);

«Жұмыссыз жастарды оқыту курстарын ұйымдастыру және инновациялық идеяларды дамыту» әлеуметтік қызметі (1 800 000 тг.);

"Шығармашыл жастарды қолдау" әлеуметтік қызметі (1 900 000 тг.);

«Студенттік көктем-2019 көркемөнерпаздар байқау» әлеуметтік қызметі (1 200 000 тг.);

 «Жастар жылына орай мәдени-көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 800 000 тг.);

«Қала жастары арасында жайдарман (Қазақша КВН) сайыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 900 000 тг.);

«Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын табыстау» әлеуметтік қызметі (1 642 000 тг.);

«Әлеуметтік желілерді қолданушы жастар арасында «Желі психологиясы» тақырыбындағы Қызылорда интернет форумы» (KIF) әлеуметтік қызметі (1 900 000 тг.);

«Қызылорда қаласының шет аймақтарындағы тұрмысы төмен отбасыларының жастарына арналған аула клуб жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 700 000 тг.);

«Математика саласында жетістікке жеткен жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (10 000 000 тг.);

«Қала жастары арасында қазақша көңілді тапқырлар алаңы ойындарын дамыту» әлеуметтік жобасы (4 000 000тг.);

Қызылорда қаласында «Ашық аспан астында» жастар фестивалін ұйымдастыру әлеуметтік қызметі (7 000 000тг.).

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея