Медициналық қызмет көрсету
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 19 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам » Денсаулық сақтау

Медициналық қызмет көрсету

Енгізілді: 25.04.2014Өзгертілді: 01.07.2019

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы 

2018 жылы қол жеткізген нәтижелер:

-облыс халқының өмір сүру ұзақтығы 1,9 жасқа  өсіп, 2017 жылы 72,6 жасты құрады( 2013 жылы - 70,62;  ҚР - 72,95 жас); 

-өлім-жітім көрсеткіші 1000 халыққа шаққанда 1,8% төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 5,44 құрады, нысаналы индикаторға қол жеткізілді (2017ж- 5,54). 2018 жылдың нысаналы индикаторы - 5,64;

-қан айналым жүйесінен өлім – жітім көрсеткіші  10,4% төмендеп, 110,6 құрады (2017 ж -123,5). Нысаналы индикатор-118,23;

-жазатайым жағдайлар, жарақат және уланудан болатын өлім жітім 4,6%-ға төмендеп 34,1 құрады (2017ж-35,0), индикаторлық көрсеткіш  35,0;

-қатерлі ісіктерден болатын өлім жітім 0,9%-ға төмендеп 61,1 құрады (2017ж-61,68), индикаторлық көрсеткіш – 61,65.

-қатерлі ісіктерде ерте 1 сатысында анықтау көрсеткіші 15%-ға жоғарылап 25,2% құрады (2017ж-21,9), нысаналы индикатор - 23,3%.

-қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастардың 5 жылдан аса өмір сүру көрсеткішінің үлес салмағы (сүт безі- 48,9 (индикатор 48,7); тоқ және тік ішек - 47 (индикатор – 47), жатыр мойын обырлары - 52,7 (индикатор-52,6)) нысаналы индикаторларына қол жеткізілді .

- туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 9,2% төмендеген (2018ж -53,7; 2017ж – 59,2), нысаналы индикатор – 54,7;

-туберкулезден болатын  өлім-жітім көрсеткіші 12,5% төмендеген 2,8 - ді (2017ж-3,2, нысаналы индикатор – 2,8 ) құрады.

Ана мен бала денсаулығын қорғау. Облыс бойынша ана өлімінің көрсеткіштері соңғы 5 жылда тұрақсыз болуда (2013ж. -10,6, 2014ж. - 5,0, 2015ж. -46,8, 2016ж, - 5,4, 2017ж. - 0),  2018 жылы 2 ана өлімі тіркеліп, көрсеткіш 10,7-ні құрады. Облыстағы ана өлім көрсеткіші Республика  көрсеткішінен 23,5% төмен (РК-14,0). 

Ағымдағы жылы облыс бойынша перинаталды көмекті өңірлендіруді әрі қарай жалғастыру, жүкті әйелдерге көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасын арттыру, уақытылы және қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы Арал және Жаңақорған аудандық орталық ауруханаларын ІІІ деңгейге өткізу және облыстық медицина орталығының Байқоңыр қаласындағы филиалын перинаталды көмекті өңірлендірудің І деңгейіне өткізу жоспарланды.

Сәби өлімі көрсеткіші 2018 жыл қорытындысымен - 8,9‰ (2017 ж- 8,8‰) құрады, Республика қиығында 6 орынға орналасқан. 

Неонатальды хирургия мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында екі маман (хирург, неонатолог) Корей елінде білімін жетілдіріп, нәтижесінде осы сала бойынша хирургиялық белсенділік 9,7% (2018ж -72,4%; 2017ж- 66%) артып, сәбилер өлімі 8,6% (2017ж 38%) құрап, былтырғы жылмен салыстырмалы 4 есеге төмендеді. Сонымен қоса, балалар ауруханасы бойынша көлемді оталар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 512 жағдайға немесе 96% өскен (2017ж-36, 2018ж-548). 

Салаға заманауи технологияларды енгізуге, материалды-техникалық базасын күшейтуге, профилактикаға, науқастарды диагностикалау мен емдеуге қаржыландыру көлемі ұлғайды, қаржыландыру көлемі соңғы 6 жылда 39,8 пайызға артты.

Медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында облыстағы денсаулық сақтау жүйесінің желісі нормативке сәйкестендірілді. Соңғы 2 жылда 25 медициналық нысан қолданысқа берілді.

Соңғы 5 жылда елді-мекендердегі бастапқы медициналық санитарлық көмек (Бұдан әрі – БМСК) көрсететін ұйымдардың 63% жаңартылды. Ағымдағы жылы Арал, Қазалы аудандық орталық ауруханалары қолданысқа берілді, Шиелі аудандық орталық ауруханасының құрылысы жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласында облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникамен жабдықтауға  соңғы бес жыл ішінде 8 047,4 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдық сатып алынып, нәтижесінде медициналық ұйымдардың материалдық техникалық жабдықтармен жарақтандыру көрсеткіші 34,9% өсіп, 2018 жылы 79,26 % құрады  (2013 ж.- 44,29%). 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Байқоңыр қаласындағы облыстық медицина орталығының филиалында (Бұдан әрі- Филиал) емхана ашылып, бүгінгі күні осы уақытқа дейін Ресей Федерациясының медициналық ұйымдарынан қызмет алып жүрген 25 мыңнан аса Қазақстандық азаматтар тіркелді. Ақай, Төретам елді мекендеріндегі халыққа мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімділігін арттыру мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы елді - мекендерде орналасқан медициналық ұйымдар Байқоңыр қаласындағы облыстық медицина орталығының филиалының құрамына берілді.

2019 жылы Филиалдың төсек қорын 30 төсекке көбейтіп, жансақтау бөлімшесі бар, хирургия бөлімін ашу көзделуде. 

ҚР ДСМ 2017 жылғы 3 шілдедегі №450 «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес облыстағы 14 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдарында жедел жәрдем медициналық көмек бөлімшелері ашылып, жаңадан 28 жедел жәрдем топтары іске қосылып, жедел жәрдем топ саны 2017 жылмен салыстырғанда 57-ден 75-ке дейін өсіп, бір топтың орташа тәуліктік жүктемесі 2 есеге дейін төмендеген (22,23 - ден 12,8-ге дейін). Нәтижесінде жедел жәрдем бригадаларына шақыру түскен сәттен бастап оқиға (шақыру)  болған жерге дейінгі жету уақыты орташа есеппен 11,5 минуттан 9,8 минутка дейін қысқарды, нәтижелі реанимация пайызы 44-ке дейін жоғарылады.

Сонымен қоса, ТМККК шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көмекке пациенттердің қолжетімділігін арттыру мақсатында, барып - қайту жол ақы шығындарын өтеу үшін Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу және  тексерілу үшін (Астана қаласындағы Республикалық диагностикалық орталығына), елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен  тегін немесе жеңілдікпен жол жүруге 41,6 млн. теңге қаржы бөлініп, бұл мәселе шешімін тапты. 

Амбулаториялық деңгейде берілетін тегін дәрі–дәрмектерге Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 2018 жылға бөлінген қаржы былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 6 млрд 431 млн теңгені құрады (2017ж - 3 450,6 млн.теңге (РБ), 464,5 млн теңге (ЖБ), 2018 ж - 6431,6 млн.теңге). Тізімге енгізілмеген, сирек кездесетін 8 нозология бойынша 80 науқасты тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 2018 жылы тиісті қаржы бөлінді.

Кадрлар мәселесі. 2018 жылдың 1 қаңтарына мамандар тапшылығы 205 дәрігерді, 2019 жылдың 1 қаңтарына 121 дәрігерді құрады. 2016 жылдан бастап облыс әкімінің гранты негізінде 42 резидент еліміздің 5 жоғары оқу орындарында даярлануда. Одан бөлек, ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 30 жалпы тәжірибелік дәрігерлерді даярлауға облыс әкімінің арнайы гранты бөлініп, аймақтық саланы дәрігерлермен қамтуға мүмкіндік жасалып отыр. Қазіргі таңда БМСК ұйымдарының дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 95% - ға және дәрігерлердің орта медициналық қызметкерлермен ара қатынасы 1:3 –ке дейін жеткізілді.

Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 32 медициналық ұйымдарға медициналық ақпараттық жүйелер енгізіліп, 100% жеткізілді, компьютерлік техникамен жабдықталуы 100% құрады. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 175,1 млн теңге қаражат бөлініп, 843 компьютер сатып алынды.

Облыс көлеміндегі медициналық ұйымдар интернет байланыс арналарымен 85,2% қамтамасыз етілген, оның ішінде қала және аудан деңгейіндегі медициналық ұйымдардың қамтылуы 100%. 

Алдағы уақытта "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея