Санитария және эпидемиология
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 13 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам » Денсаулық сақтау

Санитария және эпидемиология

Енгізілді: 25.04.2014Өзгертілді: 01.07.2019

 Қызылорда облысында   жұқпалы және паразитарлық аурулар бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал   

Қызылорда облысында бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасуда. 

Облыс тұрғындары арасында іш сүзегі, ботулизм, күйдіргі, пастереллез, лептоспироз, листериоз, қүл, көкжөтел, менингококк жұқпасы, сіріспе, сал, қызылша, қызамық, вирусты кене энцефалиті, безгек, құтыру, жіті вирусты гепатит Д, Е, трихинеллез аурулары тіркелмеген.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 13 нозологиясы бойынша облыс көлемінде  жұқпалы аурулардың аурушандық көрсеткішінің төмендеуі  орын алды.   Нақты атап кетсек, бактериалды дизентерия 4 жағ., анықталған жұқпалы жедел ішек аурулар 36,4 пайызға, анықталмаған жұқпалы  жедел ішек аурулары 8 жағдайға, тағамнан улану фактілері 6 жағдайға ,  сарып ауруы 9 жағ., жедел вирусты гепатит В ауруы 1 жағдайға алғаш рет анықталған созылмалы вирусты гепатиттердің саны 6 жағ., эхинококкоз ауруы 8 жағ.,  аскаридоз 4 жағ., лямблиоз 3 есеге дейін төмендеген,  мерез ауруы 6 жағ. аз тіркелген,  дермотамикоз ауруы 9 жағ. және 2 есеге биттену көрсеткіші төмендеген. 

2018 жылдың 9 айында  облыс бойынша жұқпалы жіті ішек аурулар аурушандығы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 35  % төмендеген, барлығы 637  жағдай есепке алынып, аурушандық көрсеткіш – 83,2 құрады.  

Ауру ошақтарында  жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер және науқастарды сұрау нәтижесінде  ортақ аймаққа және бір мезгілде бір – бірімен байланысты жағдайлар орын алған жоқ, аурушаңдық қаланың әр-түрлі аймақтарында  тіркелген, ошақтық жағдайлар орын алған жоқ.   

Жұқпалы жіті ішек ауруларына шалдыққандардың жас ерекшелігі бойынша талдау нәтижесінде науқастанғандардың 80,2 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар құрап, оның ішінде 3 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық  62,5 пайызды құрап отыр.

Есепті мерзімде жедел вирусты гепатит А ауруының эпидахуалы күрделенуде. Облыс бойынша ЖВГА ауруына шалдыққан науқастардың саны 21 құрап, 100 мың халыққа шаққанда аурушаңдық көрсеткіш 2,7 құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5 есеге дейін ұлғайғайды. Ауруға шалдыққандардың 62 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Ошақта жүргізілген індетке қарсы  іс шаралар нәтижесінде аурудың 25 пайызда ауру көзі анықталды.  

Облыста аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Аса қауіпті жұқпалы оба, тырысқақ, күйдіргі, бөртпе сүзегі, құтырма аурулары тіркелген жоқ. 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея