Мәдениет
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 13 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Мәдениет

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 02.10.2019

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасындағы тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басты мақсаты мемлекеттік тілді меңгеру, дәрежесін бақылау тетіктерін енгізу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. 

Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілге қажеттілік болуына, оның басқа тілдердің тұғырын одан әрі сақтау жағдайындағы тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымдарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне ай сайын мониторинг жүргізіліп тұрады.  Мемлекеттік тілде шығысталған құжат айналымы 2019 жылдың ІІІ тоқсанында 100 пайызды құрап отыр.

Есепті мерзімде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл саясатын жүргізу мақсатында  32 әртүрлі іс-шаралар өткізілді. 

Оның ішінде; 1- республикалық байқау; 1-облыстық байқау; 9-қалалық байқау; 10 дөңгелек үстел және 11 әртүрлі бағыттағы (кітап көрмесі, библиографиялық шолу) шаралар.

Ономастика туралы

Бөлімнің үлкен бір міндеттерінің бірі ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру.  Бүгінгі күнге  қалада 760 көше және қалаға қарасты ауылдық округтерде 380 көше бар.

Қаланың 760 көшесінің 421 кісі есімімен, 165 көше тарихи жер-су атауларымен аталған, 174-не шартты атау берілген.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ономастикалық комиссия отырысын уақытша тоқтата тұру туралы тапсырмасына сәйкес, жыл басынан бері ономастика отырысы өткізілген жоқ, алайда бүгінгі күнге жеке және заңды тұлғалардан бөлімге 34 ұсыныс келіп түсті, алдағы уақытта рұқсат берілген жағдайда барлық ұсыныстар қаралатын болады.

Маңдайша жазулары және жарнамаларды ретке келтіру жайында

2011 жылы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, осы Заңның 17-2 бабында көзделген құзыреттерді орындау қала әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №2983 қаулысымен қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелді. Жарнамалық нысандарға келісім алуға жататын уәкілетті органдардың бірі ретінде белгіленген «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу кезінде жарнама мәтінінің ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігі жайында келісім беріп келеді.

ҚР Тіл туралы Заңының 21-тармағына сәйкес қала орталығындағы жарнамаларды тексеру барысында биылғы жылдың 6 айында 451 нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе хаттары таратылды. Соның ішінде ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес келмейтін 160 нысан анықталды. Сондай-ақ, 92 жарнама объектілеріне келісім берілді.

Тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша

Бүгінгі күнге қала көлемінде 78 тарихи - мәдени ескерткіштер бар, оның ішінде республикалық маңызды - 4, жергілікті маңызда - 31 ескерткіш, алдын-ала есепке алу тізіміне ұсынылғандар саны – 43.

Оның ішінде тарихи ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 35, және 24 бюсттер бар.

Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.   

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея