Ауылшаруашылығы мен ветеринария
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 26 қаңтар 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Ауылшаруашылығы мен ветеринария

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 09.01.2020

Қызылорда қаласы ауылшаруашылығы жағдайы туралы ақпарат.

Егін шаруашылығы бойынша

2019 жылы қала бойынша 8416 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналасты. Оның ішінде дәндi дақылдар 4481 га, майлы  дақылдар 48 га, мал азықтық дақылдар 1326 га, картоп, көкөнiс, бақша 2561 га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 4011 га.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау

Егілген күздік бидайдан 80 тонна, жаздық бидайдан 365,0 тонна, арпадан 77,5 тонна, дәндік жүгеріден 300 тонна өнім алынды. Орта өнім күздік бидайда 20,0 ц/га, жаздық бидайда 10,6 ц/га, арпада 12,9 ц/га, дәндік жүгеріде 30,0 ц/га алынды. Негізгі дақыл күріштен барлығы 20 885 тонна өнім жиналып, орта өнім 52,1 ц/га алынды.

Сондай-ақ, картоптан 10 240 тонна, көкөністен 12 648 тонна, бақшадан 10 150 тонна өнім жиналды. Орта өнім картопта 128,0  ц/га, көкөністе 127,5 ц/га, бақшада 132,0 ц/га алынды.

Мал азығын дайындау

Құнарлы мал азығын дайындау үшін ескі жоңышқа дақылы 2 рет орылып, барлығы  1496,9 тонна, жаңа жоңышқадан 106,5 тонна шөп дайындалды.

Мал шаруашылығы бойынша

«Сыбаға» бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы 275 бас аналық сиыр  сатып алу жоспарланып осыдан бүгінгі күні 220 бас сиыр сатып алып, жоспар  84,0 пайызға орындалып отыр.

 Осы бағдарлама аясында қала бойынша 5400 бас қой алу жоспарланып, 6218 бас қой сатып алынып, жоспар 115,1 пайызға  орындалды.

Техникалық инспекция саласы бойынша

Қызылорда қаласы әкімшілік аумағында жеке және заңды тұлғалар иелігінде барлығы 4560 дана түрлі ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы мен арнайы техникалар тіркелген.

2019 жылдың IV тоқсанында ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы техникаларын жүргізуге 120 адамға куәлік беріліп, жеке және заңды тұлғаларға жаңа үлгідегі 576 дана техникалық паспорттар мен 576 дана мемлекеттік белгілер берілді. 71 дана кепілдік келісім-шарты мен қосымша келісім-шарттарын тіркеу және кепілден босатулар рәсімделді.

ГРСТ бағдарламасы бойынша қолдағы бар техника 100% базаға ендірілді. Қазақстан Республикасының Заңдарымен, бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Ережесімен және белгіленген іс-жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы  бойынша

2019 жылға тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 55 маманға 196 950 000 теңге  (1 маманға 3 787 500 теңге) және көтерме жәрдемақыға 109 маманға 19 265 750 тенге (1 маманға 176 750 теңге) қаржы бөлінген.

Аталған қаржы толығымен игерілді.

Ветеринария саласының жағдайы туралы ақпарат

Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі 2016 жылдан бастап Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі 31 үйдің 1-ші қабатынан 4 бөлмемен қамтылды.

Жалпы 2019 жылы ветеринария саласы бойынша аса қауіпті аурулар тіркеліп, төтенше жағдайлар орын алған жоқ.

Алдағы уақытта да тиісті жұмыстарды уақытылы атқарып, қала көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау шараларын өз деңгейінде жүргізуге жұмыстар жасалынатын болады

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея