Ереже
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

Ереже

Енгізілді: 02.12.2014Өзгертілді: 03.07.2019

Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң

2018 жылғы «27» желтоқсандағы

№12391 қаулысымен бекiтiлген

 

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ 

1. Жалпы ережелер  

1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - «Бөлім») әлеуметтік қамсыздандыру саясатын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.

2. «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынандай ведомстволары бар:

1) «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік комуналдық  мекемесі;

2) «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) «Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесі;

4) «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім ұйымдық - құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеме түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Бөлімнің орналасқан жері: индекс 120015, Қызылорда қаласы, Қ.Қазантаев көшесі №43.

10. Бөлімнің толық атауы: - Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 Бөлімнің жұмыс режимі: 09.00-13.00, 13.00-15.00 түскі үзіліс,   15.00-19.00, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

11. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. Бөлімнің миссиясы халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік төлемдердің көрсетілуін ұйымдастыру және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру болып табылады.

15. Бөлімнің міндеттері:

Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, қала әкімінің мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін                    іс-шараларды өткізу;

3) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;

4) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

6) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу;

7)  халықты жұмыспен қамту орталықтарының жарғысын бекіту;

8) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

9) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;

10)  Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

11) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмыска орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;

12) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді;

13) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

14) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

15) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

16) азаматтық хал актілерін тіркеу саласында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

18) азаматтық хал актілерін тіркеуде «электрондық үкімет» бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

16. Бөлімнің функциялары:

1) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес халықтың өтініштерін қарап, бөлімде жұмыстар атқару;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде уақытылы, сапалы түрде жұмыс жасау және баламалы түрде бөлім арқылы халыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау Әдістемесіне сәйкес «Мемлекеттік қызмет көрсету карточкасын» толтырылуын қамтамасыз ету;

3) Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасын жасау, аймақтағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдап, жергілікті және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын еңбек  нарығы туралы хабарлап отыру;

4) Автоматтандырылған дерекқор жүйесінің аналитикалық жұмыстарын, еңбек нарығының жағдайын талдау, болжау және үкіметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуын және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі бойынша  жұмыстар атқару. Ұсыныс пен еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті болжау және талдау, уәкілетті органдарға ақпарат беру;

5) Орта және ұзақ мерзімді тенденциялардың болжамын, еңбек нарығындағы сұраныс құрылымның өзгеруін әзірлеу және жұмыспен қамтуды талдау мақсатында «2016–2020 жылдарға арналған Қызылорда қаласының «Даму» бағдарламасының орындалуын қадағалау, бақылау, ұйымдастыру;

6)  Қызылорда қаласының 2019-2020 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту қартасын» және халықты жұмыспен қамту мақсатында әзірленген «Кешенді жоспарды» бекіту;

7) Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға сұрнасқа ие болған мамандықтар тұрғысынан мемлекеттік, үкіметтік және аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жеке бастамаларға қатысу. Мемлекеттік, үкіметтік және инвестициялық бағдарламалар бойынша жаңа жұмыс орындарының ашылуын талдау және жинақтау;

8) Қала бойынша қысқарту қауіпі бар мекемелермен талдау жүргізу, алдағы уақытта қысқарту күтілетін мекемелерден есеп жинау және белсенді жұмыспен қамту шараларына тарту;

9) Қала бойынша кәсіпорындар мен мекемелерден «Жасырын жұмыссыздық туралы мәлімет» (қысқартылғандар, жұмыс жасамай тұрғандар, жартылай жұмыспен қамтылғандар, жалақыдан қарыздары) 3-ТН статистикалық (айлық) есебі бойынша мәліметтер жинақтау, талдау жасау. «2017-2025 жылдарға арналған мекемелердің қызметкерлерінің ағынын басқару бойынша Жол картасын» әзірлеу және жұмыс жасау. Мекемелермен төменгі жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеру жөнінде жұмыс жасау;

10) Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үш жақты Келісімнің және оның іс–шараларының орындалуы жөнінде жүргізілетін үшжақты комиссияның мәжілісіне қажетті мәліметтері мен құжаттарды дайындау, жұмыс жасау;

11) Статистикалық (онкүндік, айлық, тоқсандық және жылдық) әзірленген есептерді жоғарғы уәкілетті органдарға тапсыру. Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға жұмыспен қамту мәселесі бойынша есептер мен тапсырмалардың орындалуын уақытылы беріп отыру;

12) Тұрақты түрде қала әкімдігінің веб-порталына жаңартылған ақпарат орналастыру. Қызылорда қаласының ресми «www.kyzylorda-city.kz» веб–сайтына орналастыратын электронды ақпаратты енгізу; 

13) «Әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің» (ӘЕСБАЖ), «Әлеуметтік көмек» (АӘК, МБЖ), «Е-Собес», «Е-Акимат», «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» (ЭҚАБЖ), «Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін бірыңғай есепке алу автоматтық жүйесі» (БААЖ), «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы           (ИИС ЦОН) бағдарламаларын жүзеге асыру;

14)  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес жазасын өтеп келген азаматтарды кәсіби, қайта даярлау курстарына жіберу және жұмысқа орналасуына ықпал жасау;

15) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына» сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуіне келісім беру;

16) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына сәйкес жұмыстарды орындап, бюджеттен бөлінген қаржының игерілуін қамтамасыз ету;

17) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жұмыстарды жүзеге асыру;

18) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерге кресло-арбалар беру», «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарына сәйкес жұмыстарды орындау;

19) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр кезеңінде тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін белгілеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы арқылы қабылданған құжаттардың арнаулы комиссияда қаралу жұмыстарын ұйымдастыру;

20) «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындау бойынша органның жұмыстарын ұйымдастыру;

21) «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әлеуметтік төлемді тағайындап, төлеу;

22) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес және қалалық мәслихаттың «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»;

23) Қазақстан  Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданған құжаттар бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындап, біржолғы және ай сайын төлеу. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың отбасы мүшелерінің санаты және төлемдеріне мониторинг жүргізу. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалғаны және төлемі туралы ай сайынғы есеп беру;

24) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету», ережелеріне және «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына және қалалық мәслихаттың шешімімен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына» сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы арқылы қабылданған құжаттарды уақытылы тексеріп, тағайындап және төлеу;

25) «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж 1,5 жастан                     18 жасқа дейінгі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету;

26) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына және «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»  мемлекеттік қызмет стандарттарына  сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілуге мұқтаж, зейнеткерлік жасқа жеткен қарттарға және мүгедектерге үйден әлеуметтік қызмет көрсету;

27) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жұмыстарды жүргізу;

28) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүргізу;

29) Өтініш жасаған тұрмысы төмен қайырымдылық көмекке мұқтаж азаматтарға демеушілер тарапынан қолдау болған жағдайда көмек көрсетілуін ұйымдастыру;

30) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін мемлекеттік тіркеу;

31) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтыру, түзету және жою;

32) жоғалған жазбаларды қалпына келтіру;

33) бастапқы және қайталама куәлiктерді, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мұрағаттық анықтамалар беру;

34) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді электронды түрде «Азаматтық хал актілері жазбалары» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу, ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

35) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қатаң есептегі елтаңбалы куәліктердің сақталуын, жұмсалуын, есептілігін қамтамасыз ету;

36) азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының тиісті жағдайда сақталуын қамтамасыз ету, тізімдеме жүргізу, түптеу, сақталу мерзіміне қарай, жою, мемлекеттік мұрағатқа өткізу;

37) мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеудің құпиялылығын қамтамасыз ету;

38) азаматтардың хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша құқықтық насихат жүргізуді қамтамасыз ету;

39) азаматтық хал актілерінің толық, дер кезінде тіркеуді қамту мәселесі бойынша ауыл округтерімен өзара іс-қимыл жасау;

40) статистикалық есептердің мерзімінде берілуін қамтамасыз ету;

41) салтанатты  неке қию, тууды тіркеу, ұлттық салт дәстүрлерді насихаттау;

42) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жетекшілік ететін салалары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

«Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік комуналдық  мекемесі:

1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;

2) Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;

4) Халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

5) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

6) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

7) Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

8) Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

9) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

10) Бос жұмыс орындарының (бос орындардың) есебін жүргізеді;

11) Жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

12) Әлеуметтік келісім-шарттар жасасады;

13) Еңбек делдалдығын көрсетеді;

14) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына және мемлекеттік стандартқа сәйкес «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» аясында жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа, ақылы қоғамдық жұмыстарға, кәсіби оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесіне жіберу;

15) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес жұмыс күші көздері мен аумақтағы кадрлар дайындауды жүргізетін білім мекемелері мен оқу орталықтарында жұмыс орындарынан босатылған жұмыскерлерді және жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды уақытылы ұйымдастыру;

16) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына сәйкес жұмыстар жүргізу;

17) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы қызмет көрсету (еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс);

18) Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдап, тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Оларды учаскелік, қалалық және (немесе) өңірлік комиссияның қарауына жолдайды, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларымен бекітілген нысан бойынша әлеуметтік келісім шарт жасайды, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген өтініш берушілердің құжаттарын уәкілетті органға береді, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жеке жоспарды іске асыруға көмек көрсетеді, әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізеді;

19) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

20) Жұмыссыз жүрген азаматтарға, 16-29 аралалығындағы жастарға, жұмыс орындарынан қысқартылған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыспен қамту мақсатында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін ұйымдастыру.

«Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) ҚР Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрінің «Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес жұмыс атқару;

2) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жұмыс жүргізу;

3) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін басшылыққа алып жұмыс атқару;

4) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жұмыстарды жүргізу;

 

«Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесі:

1) ҚР Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрінің «Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес жұмыс атқару;

2) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес;

3) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жұмыстарды жүргізу;

4) Жартылай стационарлық мекемеден қызмет алушыларды ем алуға, оңалту іс-шараға, оқуға, мәдени-мерекелерік іс шараларға қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну.

«Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жұмыс атқару;

2)  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жұмыс жүргізу;

3)  Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы»  Заңына сәйкес жұмыстар атқарады;

4) Құқық қорғау органдарының жолдамасымен немесе қылымыстық жазасын өтеген азаматтың жеке өтінішіне сәйкес қабылдау;

5)  Зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға және қалпына келтіруге, зейнеткерлік куәліктерді қалпына келтіру, зейнеткерлік   іс-құжаттарына, жеке басын куәландыратын құжаттарға сұрау салу, қалпына келтіру, рәсімдеу, интернат үйлеріне орналастыру, қарауға қажет ететіндерге қамқоршылықты тағайындау, қоғмдық және басқада еңбек түрлерімен және арнайы оқытуды қамтамасыз ету және мамандандырылған курстарында оқыту үшін құжаттарды рәсімдеуді жүзеге асыру;

6)   Келіп түскен адамдарға психологиялық көмек және заңгерлік көмек көрсету.

17.  Бөлімнің құқықтары:

1) облыс, қала әкімдігінің бөлімдерімен және басқармаларымен бірігіп облыстық, қалалық бағдарламаларды дайындау және оларды жүзеге асыру;

2) өз құзыры аясында бөлімнің қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу, оны нормалау, ұйымдастыру ісін жетілдіру шараларын іске асыру;

3) Бөлімнің құрылымдарының кадрларының біліктілігін арттыру, кадрларды даярлауға, қайта даярлауға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

4) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік саладағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

5) бөлім қызметі бойынша қала басшылығы мен қала әкімдігі отырысының қарауына ұсыныстар енгізуге;

6) қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерін дайындауға қатысуға;

7) бөлім мұқтаждығына қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жасау үшін конкурстар ұйымдастыруға және қатысуға;

8) мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұланың әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстаєы заңдылыққа сәйкес реттеледі;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да   іс-шараларды атқаруға.

 

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

18. Бөлім басшылығын, бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Бөлімге қарасты ведомствалық орталықтарының директорларын кала әкімдігінің келісімімен, бөлім басшысы қызметке тағайындайды және босатады;

2) өз орынбасарларының, сектор басшыларының және қызметкерлерінің міндеттерімен өкілеттігін анықтайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) Заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;

5) Бөлімнің мемлекеттік органдарда, сенімхатсыз басқа да ұйымдарда мүддесін қорғайды;

6) Заңдылықтарға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады;

7) Бөлім қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлер болып табылады, қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және қызметтен босатылады;

8) Гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

9) Басшы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты;

10) Бөлімнің бірінші басшысы бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауап береді.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бөлімнің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес білгілейді.

23. Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

 

4. Бөлімнің мүлкі

 

24. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

25. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімнің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.


5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

 

27. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея