Атқарылған жұмыстар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

Атқарылған жұмыстар

Енгізілді: 02.12.2014Өзгертілді: 04.10.2019

Атқарылған жұмыстар

Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында 2019 жылдың 1-ші шілдесіне экономикалық белсенді халық саны 125,5 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,6 пайыз (4,7 пайыз – 01.07.2018 жыл).

2019 жылға қалада 4050 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланса, жыл басынан   3982 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмысқа орналастыру  2019 жылдың 1 қазанына  Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне хабарласқан азаматтардың саны – 10920, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтар – 5771, тіркелген жұмыссыздық  деңгейі – 2,0 пайызды құрады.

Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі - қалада  ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 9 рет ауқымды «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 207 мекемеден 1243 бос жұмыс орындарына сұраныстар түсіп, 1636  тұрақты жұмысқа орналасты , 90 адам-қоғамдық жұмысқа, 2005-ге жуық адам кеңес алды.

2019 жылға жана бизнес –идеяларды іске асыруға  мемлекеттік грантттар беру  үшін  Республикалық бюджеттен 210  адамға  53025,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге 255 адамға 101505,0 мың теңге игерілді.

Қоғамдық жұмыстар Ағымдағы жылы 2245 адамға жергілікті бюджеттен 301408,0  мың теңге бөлініп, 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап 117 мекемемен келісім шарт жасалып, 1746 адам жұмысқа тартылды. Бүгінгі күнге 273448,0  мың теңге игерілді 

Әлеуметтік жұмыс орындарына 160 адамға республикалық бюджеттен 57192,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 10 адамға 2391,0 мың теңге бөлініп, 306 адамға 29400,0 мың теңге игерілді.

Жастар тәжірибесі бойынша республикалық  бюджеттен 480 адамға 162865,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 116 адамға 44038,0 мың теңге бөлініп, бағдарлама аясында сұраныс берген  264 мекемелерге 1112 жас маман жолданып, 416116,0 мың теңгесі игерілді.

Әлеуметтік сала бойынша   

Қала бойынша 2019 жылдың 1 қазанына  аз қамтамасыз етілген азаматтарға  әлеуметтік көмектер төленді:

14654 отбасына (63345 адамына) 5971938,0 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

2019 жылдың 1 қазанына жергілікті бюджет есебінен 223 880,0  мың теңге қаралып, 3659 отбасына  (12343 адамына) 130456,0 мың теңгеге тұрғын үй көмегі төленді;

Жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 6446 адамға  3851554,9 мың теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

2012 жылдан бастап «Сыр мейірімі» жобасы, үкіметтік емес мекемелердің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде, бюджеттен қаржыландырылып келеді. Есепті кезеңге сапалы тамақтануды қажет ететін жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, өзін-өзі күте алмайтын науқас 225 адамға  ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея