Инфрақұрылым
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 6 сәуір 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Инфрақұрылым

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 07.01.2020

Тұрғын үй және ТКШ  

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық  жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инсекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы қаржыландыру жоспарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 8 178 042,0 мың теңге қаражат қаралды. 

Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша:

Қызылорда қаласының санитарлық тазалығымен қамтамасыз ету жұмыстарын бюджеттен 625 853,3 мың теңге қаражы қаралды.

Қызылорда қаласы бойынша санитарлық тазалық жұмыстарынан 2019 жылдың қаңтар айынан бастап – 92852,0  қоқыс арнаулы полигонға шығарылып,  залалсыздандырылды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды залалсыздандыру жұмыстары бойынша «Ибрайхан и К» ЖШС мен 14664,39 мың теңгеге,қала тұрғындарынан жиналған құрамында сыныбы бар лампаларды демокуризациялау жұмыстары бойынша «Эко Н»ЖШС мен 7404,0 мың теңгеге келісім шарттар жасалып, жұмыстары жүргізілді.

Абаттандыру  және көгалдандыру жұмыстары:

 Қызылорда қаласын абаттандыру, көгалдандыру және келбетін жақсарту мақсатында қалалық бюджеттен 1136679,0 мың теңге(сессия), 20 ақпандағы сессиядан облыстық бюджеттен 146231,2 мың теңге, Қызылорда қалалық мәслихатының 22.05.2017 жылғы №83-13/1 шешімі,Қала әкімінің  26.05.2017 жылғы №7982 қаулысы негізінде облыстық бюджеттен 331444,0 мың теңге,Қала әкімінің 27.07.2017 жылғы №8393 қаулысы негізінде қалалық бюджеттен 217064,0 мың теңге,облыстық бюджеттен 450224,4 мың, барлығы 667 288,4 мың теңге қаржы қаралды.

 Оның ішінде қалалық бюджеттен бөлінген қаржыға атқарылатын жұмыстар: 13 аяқ су насос қондырғылары мен аяқ су айдап, күтіп ұстауға 38443,0 мың  тенге бөлінді, оның  каналдармен арықтарды тазалап, күтіп ұстау жұмыстарына 35560,8 мың тенге, Қызылорда қаласын көгалдандыру мақсатында көшеттерді сатып алу және күтіп ұстау жұмыстарына 1144,9 мың теңге, Қызылорда қаласын көгалдандыру мақсатында Мостовой көшесі бойына талдарды егіп күтіп ұстау жұмыстарына 4005,0 мың теңге, Қызылорда қаласын көгалдандыру мақсатында Жібек Жолы көшесі бойына талдарды егіп күтіп ұстау жұмыстарына 4233,9 мың теңге, Қызылорда қаласын көгалдандыру мақсатында көше бойларындағы қураған талдарды балақтау жұмыстарына 33776,0 мың теңге, Қызылорда қаласын көгалдандыру мақсатында көше бойларындағы 200 мыңға жуық талдарды химиялық улау жұмыстарына 16948,8 мың теңге, Қызылорда қаласын көгалдандыру мақсатында №173,101,9 мектеп, «Белкөл»кентіндегі орталық бейіт аумағындағы, Титов поселкіндегі жасыл желектерді суару мақсатында ұңғымаларды күтіп ұстау   жұмыстарына 28021,6 мың теңге,  Қызылорда қаласын көгалдандыру мақсатында «Ақмешіт» мөлтек ауданындағы аумағындағы, Гагарин  поселкіндегі жасыл желектерді суару мақсатында ұңғымаларды күтіп ұстау   жұмыстарына 11427,9 мың теңге, Қызылорда қаласын көгалдандыру мақсатында  4764,7 мың теңгеге қала көшелері бойына 6000 мың түп көшеттерді отырғызылды, Қызылорда қаласындағы Абылайхан аллеясы, ромашка су бұрқағы аумағын, Жахаев көшесі, Әуелбеков көшесі, Темір жол вокзалы, Тағзым алаңы аумақтарына  гулдерді егу және күтіп ұстау жұмыстарына -77919,5 мың теңге, Қызылорда қаласын абаттандыру мақсатында мерекелік іс-шараларға дайындық жұмыстарына 83250,5 мың теңге, Жібек жолы көшесі бойына «QYZYLORDA» үлкен көлемдегі декортивтік пішіні, күміс тәріздес металлдан «Барыс» кіші архитектуралық пішіні (КАП), «Тырна және шарлар» КАП, «Қазақ жастары» КАП, «ЕХРО 2017» КАП, 3 дана «LED стелла», «Бүркіт» КАП, «Қазақстанның үш биі» КАП, 2 дана «АҚҚУ» КАП, 4 дана «Геометриялық пішіндер», «Гүл» светодиодтық КАП, «Қорқыт Ата» КАП, «Отбасы» КАП, биіктігі 7 м болатын «Светодиодты металл конструкциясы» орналастырылды. Механизмді қызмет көрсету жұмыстарына 15199,0 мың теңге бөлініп қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларындағы гараждар көшірілуде, брусчаткаларды жөндеу және темір қоршауларды сырлау, жуу, күтіп ұстау жұмыстарына 23012,0 мың теңге, Темір бұйымдарын дайындау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6099,0 мың теңге, Ескерткіштерді жөндеу және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 17173,5 мың теңге, Су бұрқақтарына (фонтан) қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 60000,0 мың теңге,  120-дана аялдамаларды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға 32100,0 мың теңге,  Аллея скверлерді күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 61824,6 мың теңге, Көше атаулары бойынша тақтайшаларды дайындау және ілу жұмыстарына 6420,0 мың теңге, Орталық алаңдағы және рәміздер алаңындағы мемлекеттік туды сатып алу және күтіп ұстау жұмыстарына 11000,0 мың теңге, Орталық алаңдағы ЛЕД экранды күтіп ұстау және қызмет көрсету жұмыстарына 2404,0 мың теңге, Қала паспортын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 8560,0 мың теңге, Қызылорда қаласындағы  контейнер алаңдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 13738,0 мың теңге, Контейнерлерді дайындау және орнату  жұмыстарына  22072,0 мың теңге, Қаладағы каналдар жиегін  және бордюрлар мен аркаларды сырлау, күтіп ұстау жұмыстарына 13407,1,0 мың теңге,  Қаладағы айналма жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына 6765,1 мың теңге,  Көше бойында орналасқан бильборд тұғырларын ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстауға 9270,4 мың теңге, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті атындағы паркін көгалдандыру және күтіп ұстауға 14943,2 мың теңге, Қала көшелерін көгалдандыру және көркейту жұмыстарына 199708,0 мың теңге, «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-гі арақылы жұмыстар жүргізілуде. Көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына балалар ойын алаңдары мен спорт алаңқайларын орнату жұмыстарына облыстық бюджеттен 175 млн теңге қаржы қаралып,  жұмыстар толығымен аяқталды.

Көлік және байланыс

Қызылорда қаласы қалаішілік жолаушы тасымалындағы 2013 жылдың 13 желтоқсандағы келісім-шарт негізінде «Қызылорда» автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, №1-ші келісімшарт бойынша Қызылорда қаласы  қалаішілік 26 бағытқа және 6 қала маңына қатынайтын  бағытқа, барлығы 758 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетіп келеді.

Оның ішінде үлкен сыйымдылықтағы – 122, орта сыйымдылықтағы – 296 және кіші сыйымдылықтағы - 343 қоғамдық көліктер қатынайды.

Жеке кәсіпкерлердің 636 дана автобустары қалған қалаішілік бағыттарда жұмыс жасайды. Яғни, қалаішілік жолаушылар тасымалының 75 пайызын жеке кәсіпкерлердің үлесінде.

Жаңа үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы 112 дана автобустар бейнекамералармен, GPS құрылғыларымен және мүгедек жандарды мінгізіп-түсіретін арнайы құрылғылармен (аппарельмен) толықтай жабдықталған.

Жаңа ғимаратта автобустарды жуатын орны, жөндеу цехтары және сұйытылған газ отынымен қамтамасыз ететін арнайы станциялар орнатылған.

Қазіргі таңда, «Қызылорда» автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 450 азаматтарды толықтай жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.         

Қала тұрғындарын және қонақтарын сапалы әрі жайлы  қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету мақсатында қала әкімінің тікелей тапсырмасымен құзырлы органдар және «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-нің қызметкерлерімен аптасына 2 мәрте рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Рейд жұмыстары барысында  қызмет көрсету сапасын арттыру, автокөліктердің техникалық жағдайы, аралық интервалды, жолаушылармен қарым-қатынас этикасын сақтау мәселері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

Қоғамдық көліктердің көрсететін қызмет сапасын арттыру және қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнату бағытында Бөлімнің арнайы жұмыс жасап тұрған «WhatsApp» мессенджері мен «Фейсбук» парақшасы арқылы хабарламалар мен ұсыныс ескертпелерді ескере отырып, тасымалдаушы тарапынан талаптарды орындамаған жағдайда, ескерту жұмыстары жүргізіліп, қатаң шаралар қабылдануда.

Қала аумағы бойынша қалаішілік бағыттарда қолданыста қолма-қол билет тарату түрі жұмыс жасап отырғандығын хабарлай отырып, Парк теңгеріміндегі 6 бағытта (1,11,14,17,18,30) «Сенім» смартфон қосымшасы арқылы электрондық төлем жүйесі енгізілген.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Алемпай (Alempay) ЖШС-мен Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і арасында келісім шартқа қол қойылды.

Қазіргі уақытта "Алемпай" ЖШС (Alempay) қажетті техникалық құрылғыларды сатып алуда. 2020 жылдың 1 наурызына дейін қажетті техникалық жабдықтар жеткізіліп және орнату бойынша жұмыстары жүргізілетін болады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея