Ереже
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 6 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Ереже

Енгізілді: 05.12.2014Өзгертілді: 03.07.2019

Қызылорда қаласы әкімдігінің  

2018 жылғы «27» желтоқсандағы

№ 12391 қаулысымен бекітілген

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі 

1.        Жалпы ережелер  

 

1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітіліп құрылған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын үй қоры саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы - Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.

3. Мекеменің мынадай ведомстволары бар:

1) Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2) «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3) «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

4. Мекеме өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

5. Мекеме - мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 

6. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

7. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. Мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

9. Мекеме құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі № 16.

11. Мемлекеттiк органның толық атауы – Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

12. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

13. Мекеменің қызметiн каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.

14. Мекеме кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Мекеменің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

15. Мекеменің жұмыс режимі:

1) Мекеменің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат жұмыс істейді;

2) Мекеменің жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-де басталып, сағат 19.00-де аяқталады. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

3) Мекеме сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

Егер Мекеме заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

2. Мекеменің негiзгi мiндеттерi, функциялары,

құқықтары мен мiндеттерi

 

16. Мекеменің миссиясы:

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

17. Мекеменің мiндеттерi:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

2) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын дамытады;

3) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру;

5) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

6) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;

7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

8) автомобиль жолдары мен тротуарлар, қала көшелерінің құрылысы, қайта салынуы, кеңейтілуі, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары, оларды күтіп ұстау және пайдалану;

9) қалаішілік  қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;                         

10) осы салалардағы жұмыстары мен қызметтерді ұйымдастыру тауарларды сатып алу;                                                                                                      

11) өңірлік даму;

 

18. Мекеменің функциялары:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;

2) қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;

3) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;

4) көркейту, көгалдандыру саласындағы жұмыстар (алаңдар, фонтан, сквер, суарылатын каналдар, көше жарығы жұмыстары) оларды күтіп ұстау және пайдалану;

5) көшені және сәндік-қызметтік жарықтандыру желілерін күту және жөндеу;

6) канализациялар, суағарлар желілерін жөндеу;

7) арықтар мен каналдарды жөндеу, күтіп ұстау;

8) саябақтарды, скверлерді, гүлзарларды, фонтандарды жөндеу және ұстау;

9) ескерткіштерді, скульптураларды, сынтастарды жөндеу және ұстау;

10) қалалық қорымды және жерлеу орындарын күтіп ұстау, туысы жоқтарды жерлеу;

11) көше бойындағы ағаштарды күтіп ұстау, жаңадан берілген көше аттарын ілу;

12) қаланы мерекелік шараларға безендіру;

13) қаланың даңғылдары мен көшелерін күту және көркейту, жүретін жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын және қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету;

14) мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердігерлік ұйымдар жұмыстарын бақылау;

15) жабын материалдарына қарамастан жол құбырларын, арық желілерін күтіп-ұстау және оларды қайта жарақтандыру;

16) саябақтар, скверлер, көше желектері, қорғанышты жасыл аймақты күтіп-ұстау, оларды қайта жарақтандыру және кеңейту, көгалдар мен гүлзарларды бөлу, күркелер, қоршаулар, жаяу жүргіншілер жолдары, билбордттар, бордюрлар, аяқ су лотоктары, аялдамалар, аллеялар, ортақ пайдаланылатын жасыл желек алаңдары, пандустар, фонтандардың, бассейндердің тірек қабырғаларын, аялдамаларды күтіп-ұстау, скульптураларды, орындықтарды, гүл құмыраларын, көлеңкелі қалқаларды және басқа шағын саулет үлгілері элементтерін, көшелер мен жасыл алқаптарда қоқыс салатын сауыттарды орнату, бау-бақша-саябақ шаруашылықтарында, гүл шаруашылығы мен питомниктер жерлерінде суару құбырларын, ауыз су фонтандарын және саябақтарды, скверлерді, көшелерді, жолдарды, алаңдарды,  жағалауларды көркейту және көгалдандыру, қажетті ғимараттарды, шаруашылықты күтіп-ұстау (тұрғын үйлерден басқа) және алаңнан тыс инженерлік желілерді күтіп-ұстау;

17) санитарлық тазалау, жылжымалы биодәретханалар алу және орнату;

18) коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін және елді - мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды атқаратын ұйымдар, автомобиль көлігі үшін механизмдер, құрал-жабдықтар (соның ішінде монтажды қажет ететін), арнайы машиналар мен жабдықтар алу;

19) қорымдарды кеңейту және сумен жабдықтауды, көгалдандыруды, қорымдарға баратын жолдарды орнатуды қоса отырып көркейту;

20) осы тізімде көрсетілген обьектілерді жөндеудегі және жарақтандыруға арналған жобалау-сметалық құжаттарды әзірлейді, тиісті қызметтермен бірлесе отырып тұрғын үй қорының, оның инженерлік құрал жабдықтарының, техникалық жағдайын, өз құзыры шегіне қызметтері мемлекеттік мекемеге жүктелген қолданыстағы нормативтік - техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп ұстау  мен жөндеу жөніндегі кешенді шаралардың уақытылы орындалуын бақылау;

21) жер қазу жұмыстарына - ордер беру;

22) құраған ағаштар мен бұтақтарды кесу, балақтау, жасыл желектерді көшіріп егу жұмыстарына рұқсат беру;

23) мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдері мен онын үстіндегі жылжымайтын мүліктерді сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру;

24) кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

25) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына;

26) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;

27) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;

28) кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етеді;

29) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру;

30) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

31) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;

32) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;

33) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

34) автомобиль жолдары мен тротуарларын күту және жөндеу;

35) жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, күтіп ұстау және жөндеу (жол белгілері, жол айрық сызықтары, жасанды тегіс емес қондырғылар, бағдаршам, аялдама);

36) аулаішілік жолдарды жөндеу және күтіп ұстау;

37) мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердігерлік ұйымдар жұмыстарын бақылау;

38) жер қазу жұмыстарын жүргізуге ордер рұқсат қағазын беру, алаңдардың және басқа да ортақ пайдаланатын жерлердің жол жабындарын қалпына келтіру;

39) жабын материалдарына қарамастан жолдар мен тротуарларды жөндеу және күтіп-ұстау; жолаушылар көлігі аялдамаларын, такси, автомобиль тұрақтарын орнату,  жөндеу және күтіп-ұстау;

40) алаңдарға, көлік шоғырланған жерлерге, стадиондарға, көрмелерге, жағажайларға және басқа қоғамдық орындарға кіретін жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстау;

41) көшелерді күтіп-ұстау мен оларға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;

42) автомобиль жолдарының құрылысы, қайта салынуы, кеңейтілуі және күрделі жөндеу жұмыстары кезінде (жоба-сметалық құжаттарында қарастырылса) жаяу жүргінші жол, билбордтар, бордюрлер, көшенің түңгі жарықтарын, аялдама және аяқ су лотоктарының салу жұмыстарын жүргізу;

43) осы тізімде көрсетілген обьектілерді жөндеудегі жобалау-сметалық құжаттарды әзірлейді, тиісті қызметтермен бірлесе отырып инженерлік құрал жабдықтарының, техникалық жағдайын, өз құзыры шегіне қызметтері мемлекеттік мекемеге жүктелген қолданыстағы нормативтік – техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп ұстау  мен жөндеу жөніндегі кешенді шаралардың уақытылы орындалуын бақылау;

44) жолаушылар көлігіне жалпы қолданыстағы автомобиль  жолдарымен өтетін қаланың бағыттық желілеріне тікелей басқару мен ведомствалық бақылауды іске асырады, тұрғындар сұранысын қанағаттандыру үшін жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

45) маршрут желілерін меңгеру, маршрут желілеріне жағдай жасау, тасымалдаушылар және жол полициясы қызметкерлерімен бірлесе отырып қала көшелері мен алаңқайларды жақсарту жұмыстары;

46) жолаушылар легінің өзгеруін ескеріп, жұмыс істеп тұрған бағыттарды өзгертуге және жабуға, жаңадан ашуға ұсыныс әзірлеу;

47) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушылардың және басқа да көлік қызметін пайдаланушылардың мүдделерін қорғау;

48) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және жауап береді.

 

19. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны:

1) тұтынушыларды стандарт талаптарына сәйкес сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

2) су, кәріз жүйелерін пайдалану, жоба жасау, кеңейту мен жаңғырту, жаңа технологиялар өндіру және әр түрлі жобаларды енгізу жұмыстарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі;

3) заңды және жеке тұлғалармен қызмет көрсету бағытында келісім-шарттар жасау (су жүйелері және канализация);

4) шығын сулардың барлық көлемін есепке алу, сараптама жүргізу;

5) су жүйелеріндегі ақауларды уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізеді;

6) барлық тұтынушыларға белгілі ауыз су мен кәріз су мөлшерін бекіту, ауыз суды үнемдеп, дұрыс пайдалану жөніндегі іс-шараларды дайындау;

7) су жүйелерінің, құбырлардың және су қоймаларының, сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстарды және ішкі инженерлік жүйелерді, конструкциялар мен жабдықтарды коррозиядан қорғау жағдайына тексеру жүргізеді, сондай-ақ берілетін судың сапасына есеп жүргізу;

8) суды пайдаланғаны үшін алымдарды жинау және құбырлардың ағымдағы және күрделі жөндеулерін уақытылы жүргізу;

9) жаңа құбырлар желілерін жүргізу жөніндегі құрылыс, жер жұмыстары;

10) көп пәтерлі тұрғын үйлерді, тұрғын үйлерді тұрғын-эксплуатациялық қызмет көрсету және кондоминиум объектілерді басқару.

  20. «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

  1) коммуналдық меншік болып табылатын айыппұл автотұрақтар қызметін атқаруды ұйымдастыру.

21. «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

 

1)    жолаушылар мен жүк тасымалын жүргізуді ұйымдастыру;

2) қалалық жолаушылар тасымалына автобустардың (микроавтобустардың) жүрісіне диспетчерлік басқаруын ұйымдастыру.

 

              22. Мекеменің құқықтары мен міндеттері:

  1) Мекеменің құрылымындағы инженерлік-коммуникация және энергетика, көркейту-көгалдандыру секторларының жұмысын ұйымдастыру;

  2) азаматтардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Мекемеге жүктелген жұмыстарды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрауға және алуға;

  3) Мекеме функцияларымен талапкер ретінде сотта талап-арыз беруге, наразылық білдіруге;

  4) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратуға және белгіленген мерзімде алуға;

            5) талап-арыз, наразылық білдіруге, талапкер есебінде Бөлімнің басқа қызметіне байланысты істер бойынша соттарда сөйлеуге;

            6) тексеру жүргізген уақытта тексерілетін объектіге баруға;

            7) тексеру жүргізу кезінде кез-келген қажетті ақпаратты сұрауға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;

            8) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратуға және белгіленген мерзімде алуға;

            9) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

            10) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

            11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқыға бар.

            12) елді мекендерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу. Сумен қамту және су бұру жүйесінің жұмысын жасау. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануын ұйымдастыру. Коммуналдық шаруашылықты дамыту. Сумен қамту және су бұру жүйесін дамыту. Ауылдық елді мекендердегі сумен қамту және су бұру жүйесін дамыту. Қалалар мен елді мекендердің абаттандыруын дамыту. Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру. Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысқандары жоқтарды жерлеу. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру. Жылуэнергетикалық жүйені дамыту. Көліктік инфрақұрылымды дамыту. Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Аудандық маңызы бар және елді мекендердегі көшелердің көлік жолдарын күрделі және орташа жөндеу. Ауылішілік, (қалаішілік), қала маңындағы және ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру. Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын қаражаттандыру. Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары облысында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер. Ақпараттық жүйелерді құру. Мемлекеттік органның күрделі шығындары. Өздеріне қарасты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығындары. «Аумақтарды дамыту» Бағдарламасы аясында аумақтардың экономикалық дамуына жәрдемдесу бойынша іс-шараларды іске асыру.

            13) мекеме заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым–қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым–қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі.

  3. Мекеменің қызметiн ұйымдастыру

 

23. Мекеме басшылықты Мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

24. Мекеменің бiрiншi басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

25. Мекеменің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

26. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

27. Мекеменің  бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) Мекеменің басшысы қызметкерлерінің құқықтық-сыбайлас және құқықтық бұзушылықтарға дербес жауап береді;

2) өзіне бағынысты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;

3) заңдарда белгіленген тәртіппен Мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) Мекеменің актілеріне қол қояды;

5) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес Мекеме барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;

6) Мекеменің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен бөлімшелерге ұсыныстар мен тапсырма береді;

7)  Мекеме қызметкерлерінің біліктілік талаптарын бекітеді;

8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мекеменің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қабылдайды;

10) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

11) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;

12) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың тұпнұсқасымен танысуға құқығы бар;

13) тексеруді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізуге;

14) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

15) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

16) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;

17) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға міндетті;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Мекеменің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

28. Мекеменің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мекеме басшысы басқарады.

  

4. Мекеменің мүлкi

 

29. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

Мекеменің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

30. Мекемеге  бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекемеге, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

  

5. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

 

32. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мекеменің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

«Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

«Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея