Қала әкімінің есебі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 6 сәуір 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі

Қала әкімінің есебі

Енгізілді: 10.01.2019Өзгертілді: 06.03.2020

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ 2018 ж

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ 2017 ж

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ 2016 ж

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ 2015 ж 

 

 Қызылорда қаласы, кент және ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беруін өткізу

КЕСТЕСІ

 

Р/С

Кент, ауыл әкімшілігі, өтетін орны

Өткізілетін мерзімі

Жауапты кент және ауылдық округтердің әкімі

1

Белкөл кенті

№189 орта мектеп

15.01.2020 ж.

Сағ: 11.00

Т. Мұсабаев

2

Тасбөгет кенті

С. Майқанова атындағы мәдениет үйі

15.01.2020 ж.

Сағ: 16.00

П. Шамұратов

3

Қызылжарма а/о

Мәдениет үйі

16.01.2020 ж.

Сағ: 11.00

М. Сейілов

4

Қосшыңырау а/о

Мәдениет үйі

16.01.2020 ж.

Сағ: 16.00

Д. Таубай

5

Қарауылтөбе а/о

№179 орта мектеп

17.01.2020 ж.

Сағ: 11.00

Б. Шәріпбеков

6

Ақжарма а/о

Мәдениет үйі

17.01.2020 ж.

Сағ: 16.00

Ж. Әлиев

7

Қызылөзек а/о

Ауылдық округ клубы

22.01.2020 ж.

Сағ: 11.00

С. Әбдіжаппар

8

Талсуат а/о

№178 орта мектеп

22.01.2020 ж.

Сағ: 16.00

Б. Нұрлыбаев

9

Ақсуат а/о

Мәдениет үйі

24.01.2020 ж.

Сағ: 11.00

М. Ақмырзаев

 

 

 

Қызылорда қаласы әкімінің қаланың шет аймақтарында және

қала орталығында тұратын тұрғындармен

есепті кездесуінің

КЕСТЕСІ

 

Р/С

Кент, ауыл әкімшілігі, өтетін орны

Өткізілетін мерзімі

1

М. Ералиева атындағы мәдениет үйі

29.01.2020 ж.

Сағ: 11.00

2

№101 орта мектеп

29.01.2020 ж.

Сағ: 16.00

3

А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйі

07.02.2020 ж.

Сағ: 11.00

 

Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері

ТУРАЛЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын іске асыру мақсатында Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтер әкімдерінің есепті кездесуін өткізуге байланысты халықтың ұсыныстары мен пікірлерін жинайтын жәшіктердің орналасқан мекен-жайы және сенім телефондары туралы ақпарат:

  

 

р/с

Есепті кездесу орны

Халықтың ұсыныстары мен пікірлерін жинайтын жәшіктердің орналасқан мекен-жайы

Сенім телефоны

 

1.

 

Қызылөзек ауылдық округі

Ауыл әкімі аппаратының ғимараты

21-73-77

Айнакөл елді мекені, №175 орта мектеп

87056711170

Қараөзек стансасы, №128 орта мектеп

31-04-23

2.

Қызылжарма а/о

Ауыл әкімі аппаратының ғимараты

24-21-32

Қызылжарма а/о, №144 орта мектеп

25-12-55

3.

Ақсуат а/о

Ауыл әкімі аппаратының ғимараты

21-86-01

4.

Ақжарма а/о

Ауыл әкімі аппаратының ғимараты

21-35-00

Баймұрат батыр ауылы,

№218 орта мектеп

21-36-11

21-36-20

Талдыарал елді мекені, №215 орта мектеп

30-48-25

5.

Қарауылтөбе а/о

Ауыл әкімі аппаратының ғимараты

21-33-21

6.

Талсуат а/о

Ауыл әкімі аппаратының ғимараты

21-71-07

7.

Қосшыңырау а/о

Ауыл әкімі аппаратының ғимараты

21-30-38

8.

Белкөл кенті

Кент әкімі аппаратының ғимараты

 

26-82-20

№189 орта мектеп

 

9.

 

Тасбөгет кенті

Кент әкімі аппаратының ғимараты

21-58-49

С.Майқанова атындағы мәдениет үйі

21-55-88

 

 

 

 

10.

 

 

 

 

Қызылорда қаласы

Қызылорда теміржол вокзалы

 

 

 

 

27-83-23

Автовокзал

Әуежай

«Жайна» сауда үйі

М.Ерәлиева атындағы мәдениет үйі

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты

Универсам сауда үйі

«SMALL» сауда үйі

«Жаңа базар» базары

«Сырдария» сауда үйі

 

Қызылорда қаласының әкімі Н.М.Нәлібаевтың 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі 

Қызылорда қаласының бюджеті 2019 жылдың басында 42,9 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, жыл қорытындысымен 77,3 млрд. теңгеге жетті.

Бұл дегеніміз бюджет көрсеткішінің жыл басынан бері 80 пайызға ұлғайғанын көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекет тарапынан жасалған жеңілдіктер нәтижесінде егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының көрсеткіші артып келеді.

Өнім көлемі 8 млрд. теңгеден асты. Ауылшаруашылығын әртараптандыру бағытындағы жұмыстар қарқын алып, қамбаға                     20 мың 885 тонна күріш өнімі жиналды.

Мемлекеттік бағдарламалардың аясында шаруа қожалықтарына  264,3 млн. теңге жеңілдетілген несие беріліп, қала бойынша мал басының саны – 58 мыңға жетті.

*******

Жезқазған трассасының бойынан 150 гектар жер, Саяхат мөлтек ауданы, Сырдария өзенінің сол жағалауы, қаланың шет аймақтарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, жайластыру жұмыстарын кешенді түрде шешу мақсатында 2,5 млрд-қа жуық қаржы жұмсалды.

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18,3 млрд. теңгеге 1 мың 46 қызылордалық баспанамен қамтылып, қаланың Сол жағалауы, шет аймақтары, Бәйтерек, Қызылжарма, Әл-Фараби, Саяхат мөлтек аудандарының инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымы нығайтылды.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. 6 млрд-қа жуық қаржыға қала көлеміндегі ауыз су  желілері қайта жаңғыртылды.

Қалаға қарасты Белкөл кенті, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Талсуат, Ақжарма, Қызылөзек ауылдық округтері мен Наурыз, Сабалақ елді мекендерінде64,3 шақырым ауыз су құбырларына, 6 кешенді су жинау қоймасының құрылыстарына 2 жарым млрд. теңге жұмсалды.

2 млрд. 596 млн. теңгеге қаладағы 23 канализациялық сорғы станцияларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жылдары 27 млрд. теңгеге 365 шақырым су, кәріз желілері жаңартылды.

Қаламыздағы бу қазандықтары, 21,5 шақырым жылу жүйелері жаңартылды. Кейінгі жылдары 8 млрд теңгеге 65 шақырымнан астам жылу жүйелері қайта жаңғыртылды.

Халықтың сұранысына сәйкес, тозығы жеткен электр желілерін қайта жаңарту мақсатында қаладағы Қызылжарма ауылдық округі, Шанхай, Коммунизм, Гагарин, Титов, КБИ тұрғын аудандарында 4,5 млрд. теңгеге 500 шақырымға жуық желілер қайта жаңғыртылып, 53 қосалқы станциялар орнатылды.

Кейінгі жылдары қаламызда 1,3 млрд. теңгеге 165,2 шақырымды құрайтын 132 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

* * *

Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші артуда.

Соңғы жылдары қаламызда жаңадан шағын аудандар бой көтеріп, 10 мыңға жуық жерлестеріміз жаңа пәтерге ие болды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 156 млрд. 441 млн.теңгені құрап, 110,7 пайызға артты.

Былтырғы жылы атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі  53 млрд. 330 млн. теңгеге жетті. Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 36,6 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Өткен жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 536 мың 26 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріліп,  113,3 пайызды құрады.

Қаламызда 150 мың шаршы метрді құрайтын 2 мың 151 пәтерлік 46 көпқабатты тұрғын үйлер салынуда.

2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында мың пәтерлік 20 көпқабатты тұрғын үй, жеке инвесторлардың өз қаражаты есебінен 285 пәтерлік 7 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Баспанамен қамту шаралары барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасыларға негізгі басымдық берілуде.

Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Баламекен» жобасы аясында  Болат Өтемұратовтың жеке қорының демеушілігімен «Бәйтерек» тұрғын ауданынан 100 пәтерлік жаңа үйлердің құрылысы салынып, көпбалалы отбасыларға табысталды.

50 пәтерлік 25 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуде.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 60 бала, әлеуметтік жағынан әлсіз топтар санатындағы 256 отбасы, 140 көпбалалы отбасы, 105 мүгедек баласы бар отбасылар жаңа пәтерлерге қол жеткізді.

«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында соңғы жылдары қала бойынша 3 млрд. 200 млн. теңгеге 133 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді.

 

* * *

Қоғамдық көлік қатынасын дамыту, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Қызылорда Автобус Паркі» серіктестігіне орта сыйымдылықтағы қосымша жаңа автобустар алуға облыстық бюджеттен 209 млн. теңге бөлінді.

******

Былтырғы жылы қала маңындағы Қарауылтөбе ауылының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді.

Айта кету керек, бұған дейінқалаға қарастыТасбөгет, Бөлкөл кенті, Қызылжарма, Талсуат ауылдық округтері көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.

Нәтижесінде, қаланы көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 95 пайызға жетті.

Биылғы жылы Ақсуат ауылдық округін көгілдір отынға қосу жоспарлануда.

******

Өздеріңіз куә болып жүргендей, қаладағы жол жөндеу жұмыстары ең маңызды жобалардың біріне айналып, жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда маңызды жобалар жүзеге асырылды.

2019 жылы 1 млрд. 152 млн. теңгеге 75,6 шақырымды құрайтын 181 көшеге орташа, ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, 500 млн. теңгеге қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің 25 шақырымды құрайтын 28 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала халқының сұранысына сәйкес, 36 бағдаршам, 651 жол белгілері, 34 жасанды тегіс емес қондырғылар орнатылып, 317 шақырымға жол таңбалары сызылды.

Қаламызда жаңадан светодиоттық бағдаршамдар, 21 ақылды жаяу жүргінші өткелдері орнатылып, қаланың ең керекті аудандарына жаяу жүргіншілер жолдары салынды.

Соңғы жылдары Қызылорда қаласы мен елді-мекендердегі жол құрылысын дамытуға 33 млрд. теңге қаралып, 630 шақырым жолдарымыз орташа, күрделі жөндеуден, қайта жаңғыртудан өткізілді.

*******

Біздіңмемлекетіміздің алға қойған басты мақсаттарының бірі, ұлттық экономиканың жетекші күші – шағын - орта бизнесті жан-жақты қолдау.

«Кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында қаламызда айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасты.

Облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 49 пайызы – Қызылорда қаласының үлесінде (қала бойынша барлығы 25 903 нысан).

Қаладажыл басынан бері өз қаражаты есебінен 91 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жаңадан 501 жұмыс орны ашылды.

Индустрияландыру картасы аясында 69 млрд. 270 млн. теңгеге  8 жоба жүзеге асырылуда.

«Нәтижелі жұмыспен қамту», «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламалары аясында 3,2 млрд теңгені құрайтын 255 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалардың аясында мыңдаған жерлестеріміз жұмыспен қамтылады, тұрмысы түзеледі.

* * *

Біз ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ екенімізді ешқашан естен шығармаймыз!

Біздің алдымызда тұрған мақсаттардың бірі – халықтың әлеуметтік әлеуетін жақсарту мен жұмыссыздықтың алдын алу.

Өткен жылы 9394 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады.

845 адам қайта даярлаудан өтіп, 131 адамға 612 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді.

2 мың 263 адам қоғамдық жұмысқа, 406 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 мың 127 жас маман жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа тартылды.

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 5 есеге өсіп, бұл мақсатқа 8,8 млрд теңге қаралып, 15 мың 495 отбасына берілді.

*******

Қаламызды жасыл желекке айналдыру мақсатында көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.

Қалада 52 аллеялар мен скверлер бар. Аталған аумақтарға жыл көлемінде мыңдаған көшеттер мен гүлзарлар отырғызылды.

Заман талабына сай қала мәдениеті мен шаһарымыздың әсем келбетін айшықтайтын түрлі архитектуралық формалар орналастырылып, жаңа демалыс орындары мен саябақтар салынуда.

"Сыр-Ана" монументінің аумағы қайта абаттандырылып, «Рәміздер аллеясынан» бастап Тұңғыш Президент саябағы аралығында жаңа демалыс паркі салынуда. 

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойынан қала тұрғындарының жайлы демалысына қолайлы жаяу серуендеуге арналған аллея салынуда.

*******

"Жеті түрлі ілім білетін" ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. Білім саласына мемлекет тарапынан лайықты қолдау жасалуда.

Қала мектептеріндегі орын тапшылығын шешу мақсатында екі мектептің жанынан қосымша 150 орындық ғимарат салынды.

Жаппасбай батыр көшесінің бойынан 600 орындық жаңа мектеп бой көтерді. «Ақсуат» ауылдық округінде бөбекжай ел игілігіне пайдалануға берілді.

Сол жағалаудан «Болашақ» университетінің бас КАМПУСЫ,320 орындық балабақша, 700 орындық «Оrda school» жеке бастауыш мектебі ашылды.

«Нұр-Ай» серіктестігі қала орталығынан 500 орындық мектептің құрылысын жүргізуде.

Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, "Саяхат", «Бәйтерек», СПМК тұрғын аудандарында жаңа мектептердің құрылысы салынады.  320 орындық балабақша жақын күндері пайдалануға беріледі.

Болашақтың тізгінін қолға алар жас ұрпақтың сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыру – бізге парыз.

Жыл сайын қала бюджетінің басым бөлігі білім саласына бағытталады.

Қала мектептері жаңа оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілді.

7 мыңға жуық оқушы қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік алды.  Қалаға жақын орналасқан елді мекендерден қала мектептерінде қатынап оқитын 630 баланыарнайы көліктердің тасымалдауына жағдай жасалды.

Осы жұмыстар биыл да жалғасады.

Елбасымыздың Жолдауында бұқаралық спортпен қамтылған халық санын 30 пайызға жеткізуді тапсырды. Спорт саласына жасалған қолдаулардың арқасында біздің өңірімізде бұл көрсеткіш бүгіннің өзінде    31 пайызға жетті.

Кейінгі жылдары қаламызда 171 спорт ойын алаңдары салынды.

*******

Қызылорда қаласы – мәдениеті мен өркениеті өрлеген рухани орда.

Жыл сайын қалада тек аймақтық деңгейде емес, республикалық, халықаралық деңгейде мәдени шаралар ұйымдастырылып, төл мәдениетіміз дамуда. Мәдениет нысандарының саны артып, өнер адамдарына құрмет көрсетілуде.

Игілікті істердің жалғасы ретінде, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақжарма ауылдық округінде 150 орынға арналған  МӘДЕНИЕТ ҮЙІ пайдалануға берілді.

Кез-келген мемлекеттің ең басты байлығы, бұл - адами капиталы.

Қаламызда жыл сайын денсаулық сақтау нысандарының саны көбеюде.

2019 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Белкөл кентінде жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, жұмысын бастады.

Бүгінде, Қызылөзек ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория құрылысы толық аяқталып, жақын күндері ел игілігіне пайдалануға беріледі.

Биылғы жылы, Ақжарма ауылдық округінен жеке инвестор есебінен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалпы құны  196,8 млн. теңгеге дәрігерлік амбулатория салынады.

Жыл өткен сайын аймағымызда демографиялық өсім қалыптасып келеді, былтыр қаламызда 10 мыңнан аса сәби дүниеге келді.

2019 жыл баршамыз үшін Елбасымыздың Жарлығымен жарияланған «ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ретінде есте қалды.

Мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында қаржыландыру екі есеге артып, қала бойынша республикалық, халықаралық деңгейлерде 12 жоба жүзеге асырылды.

Жастардың шығармашылығын дамытумен қатар, әлеуметтік әлеуетін арттыру, жас отбасыларды баспанамен қамту мәселесі қаламызда қарқынды жүргізілуде.

2016 жылдан бері 1000-ға жуық жас отбасы, ал, былтыр бір жылдың өзінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы 130 ЖАС ОТБАСЫ баспаналы болды.

Жыл басынан бері 3 мың 235 жас тұрақты жұмыспен қамтылды.

Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру үшін қаламызда соңғы 2 жыл көлемінде «Ақылды қала» жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Қаладағы 170 көпқабатты тұрғын үй «СМАРТ КВАРТАЛ» жобасына еніп, цифрлы есептеме қондырғыларымен жабдықталды.   

Биылдан бастап «Электронды билет жобасы» аясында көлік саласын цифрландыру, 26 аялдамаға «Электронды ақпараттық табло орнату» жұмыстары қолға алынуда.

1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ішінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы арқылы барлық әлеуметтік нысандарда, мектептер мен музейлерде, темір жол, авто вокзалдар аумағында жоғары сапалы, көп функциялы цифрлық бейне бақылау камералары орнатылады.

Бұл бағыттағы жұмыстар қаламыздағы көлік қатынасы қарқынды көшелердегі жол қауіпсіздігін бақылау мақсатына да жүргізіледі.

Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру - Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес жүзеге асуда.

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 8 млрд. теңгеге 700 пәтерлік 14 көпқабатты тұрғын үй салынады. 13 ипотекалық тұрғын үйдің құрылысын аяқтаймыз. Бұл тұрғын үйлер кезекте тұрған көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға беріледі.

Жаңа мөлтек аудандардың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 1,8 млрд. теңге қаралды.

Қаланы, қалаға қарасты елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау, кәріз насостық станцияларын қайта жаңғыртуға, су бұру жүйесін дамытуға 1,5 млрд теңге бөлінді.

«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы жылы 2 млрд. 35 млн. теңгеге 32 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтеді. Бұл жұмыстар жақын күндері басталады.

Жылу жүйелерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен  1 млрд. 900 млн. теңге қаралды.

Қызылжарма ауылында ауыз су құрылысын жүргізуге республикалық бюджеттен - 720,4 млн. теңге бөлінді.

Мұратбаев көшесі бойындағы жаңа көпірден бастап «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»автожолынадейінгі аралықты жалғайтын 5 шақырымдық магистралдық көше құрылысына 2019 жылы облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. Биылғы жылы осы жұмысты жалғастыруға 250 млн. теңге бөлінді.

Қызылорда қаласындағы С.Бейбарыс көшесінен Н.Назарбаев даңғылындағы "Қызылжарма" арнасына дейін магистралды көше салуға республикалық бюджеттен 723,4 млн. теңге бөлінді.

Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, жол құрылысын жүргізу барысында шет аймақтардағы жолдардың сапасын жақсартуға негізгі басымдық беріледі.

Биылғы жылы осы мақсатта қаладағы 32 көше мен кент, ауылдық округтердің көшелеріне орташа, ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге қалалық бюджеттен 655 млн. 612 мың теңге қаралды.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Ақсуат ауылдық округінде №143 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге, 16 көшені орташа жөндеуге  463 млн. теңге бөлінді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған жол картасы аясында, қажетті мамандармен қамтамасыз етуге 117 млн. теңге қаржы қаралды.

Орта білім беру ұйымдарында физика, биология, химия бағытында жаңа пәндік 50 кабинет жабдықталады. Бұл жобаларға 385 млн. теңге қаралды.

Биылғы жыл еліміз үшін айтулы оқиғаларға толы, тарихи жыл болғалы тұр.

Биыл біз, бүгінгідей кең байтақ жерімізді ұрпаққа мұра етіп қалдырған, батыр бабаларымыздың аңызға берік ерліктерін әлемге жар салып Алтын Орда хандығының 750 жылдығын атап өтеміз.

Қазақтың халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың:«Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік» деген тұжырымдамасы бар.

Расында, бұл – Тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізген ең биік құндылығымыз екені анық.

Ал қазақ тарихының қай кезеңінде болмасын киелі Сыр өңірінің алар орны ерекше. Сонау біздің заманымызға дейінгі 4-5 ғасырдан бастау алған Сақтардың Ордасы, бертін келе Оғыз-Қыпшақ бірлестіктерінің орталығы, Алтын Орда мен Ақ Орда Хандарының Туын тіккен қасиетті мекен, бұл – Сыр өңірі.

Татулықтың туын жықпай, ынтымағы ұйысқанеліміздегі бейбітшілік пен берекелі тірліктің ұйытқысына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен елдігіміз бен теңдігіміздің кепілі Конституциямыздың 25 жылдығын, болмысы ерек батыр Әкелеріміздің ерлік ұраны - Ұлы Жеңістің 75 жылдығын, ұлтымыздың рухын жаңғыртып Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын, ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өтеміз.

Бұл айтулы мерейтойлардың басты мақсаты – өткеннің өнегесін бүгінгі жастарға үлгі ету, болашақ ұрпаққа ұран етіп қалдыру. 

Былтырғы жылы Елбасымыздың Жарлығымен жарияланған «ЖАСТАР ЖЫЛЫНЫҢ» жалынды жалғасы, Мемлекет басшысының жастарға деген ерекше ықыласы мен зор сенімінің дәлелі, 2020 жыл елімізде «ВОЛОНТЕР ЖЫЛЫ» болып жарияланды.

 

 

   Есеп беру кездесулерінде көтерілген мәселелерге қатысты іс-шаралар жоспары

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея