Байланыс
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 19 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қала жайлы » Туристке арналған ескертпе

Байланыс

Енгізілді: 27.02.2019Өзгертілді: 01.07.2019

Байланыс Егер сіз ұзақ уақыт бойы Қызылордада болсаңыз, әсіресе қалаға бизнес шаруасына байланысты келсеңіз, ылғи да байланыста болуға тура келеді. Мұндайда жергілікті ұялы байланыс операторының SIM-картасын сатып алған ыңғайлы. 4 негізгі ойыншы барлық заманауи байланыс қызметтерін ұсынады, сондай-ақ 3G және LTE технологиясы арқылы ғаламторға кіруге жағдай жасайды. Қызметтер мен олардың ақысы үнемі өзгеріп отырады, оның бәрі сіздің қажеттілігіңізге байланысты. Сондықтан өзіңізге қолайлы біреуін таңдауыңызға болады. Ең бастысы, белгілі бір компанияның кеңсесіне барарда жаңа ережелер мен заңдарға сәйкес төлқұжатыңызды алуды ұмытпаңыз. Жақын бөлімшенің мекенжайын операторлардың ресми сайтынан таба аласыз.

Altel 

«Қазақтелекомның» еншілес кәсіпорны ҚР бірінші республикалық ұялы байланыс операторы «АЛТЕЛ» АҚ телекоммуникациялық қызмет көрсету нарығында 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2010 жылы «АЛТЕЛ» республикамызда бірінші болып 3G ғаламторын енгізді, ал 2012 жылы Қазақстанда ALTEL 4G брендімен LTE технологиясы алғаш рет жүзеге асырылды. Сайты: altel.kz

Beeline

Beeline қазақстандықтарға ұялы және белгіленген телефония, халықаралық, қалааралық байланыс, мәліметтерді жіберу, ғаламторға оптоволокондық технология базасы арқылы кіруге мүмкіндік алу, Wi-Fi және үшінші буындағы 3G желісі қызметтерін ұсынады. Сайты: beeline.kz 

Kcell

«Кселл» АҚ скандинавиялық «TeliaSonera»телекоммуникация холдингінің құрамына кіреді. Компания 199 жылдың қаңтарынан бастап Kcell сауда маркасымен ұялы байланыс қызметін көрсете бастады. Ал сол жылдың қыркүйегінде нарыққа Activ ұялы байланыс бренді шықты. Сайты: kcell.kz TELE 2 Қазақстан Республикасында

Tele2

2010 жылы жергілікті байланыс операторын сату келісімін аяқтаған соң пайда болды. КомпанияныTele2 бизнес топтарына біріктіру аяқталған соң құрылғыларын 3G ұстайтын заманауи құрылғыларға ауыстырып, өнімдік қоржынын және маркетингтік платформасын жаңартқан желі Tele2 брендімен жұмыс істей бастады. Сайты: tele2.kz

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея