Тасбөгет кенті
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі » Кент және ауылдық округтер

Тасбөгет кенті

Пошта индексі: 120018

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, З.Шүкіров №11

Телефон/факс: 8 (7242) 21-58-49

Сенім телефоны: 8 (7422) 21-69-30

Электрондық поштасы: akimat_tasboget@korda.gov.kz 

 Бюджеттік бағдарламасы  Жүктеу...78 Кб

 

 

Кент әкімі: Шамұратов Пахуатдин Сыражадинұлы

Шамұратов Пакуатдин Сыражадинұлы 1983 жылы 26 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты қазақ.

2001 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне түсіп, 2006 жылы «Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру»  мамандығы бойынша бітірген.

2011-2013 жылдар аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінде «Экономика саласын құқықтық реттеу» мамандығы бойынша білім алған. 

2014-2016 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Құрылыс»  мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2006-2008 жылдар арлығында «Қазалы құрылыс» ЖШС-де геодезист маманы болып бастаған.

15.04.2008-15.05.2008 жылдары «Жер KZ» ЖШС-де маман;

21.07.2008-16.08.2010 жылдар аралығында Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында бас маман;

16.08.2010-05.03.2011 жылдары Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, бөлім басшысының міндетін атқарушы;

05.03.2011-04.09.2012 жылдар аралығында Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы;

04.09.2012-20.04.2017 жылдары Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2017 жылдың 29 сәуірінен бастап Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің әкімі қызметінде.

Өз еңбегінің нәтижесі ретінде бірнеше мәрте облыс, қала әкімінің алғыс хаттарымен, Қазақстан қала құрылысшылары одағының екі мәрте дипломымен марапатталған. 

 

Отбасылы, жұбайы екеуі 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

 

Мемлекеттік органнның құрылу тарихы:

 

1947 жылы 29 тамызда арнайы қарар қабылданып, Республика Жоғарғы Кеңесіне «Қызылорда плотинострой» қыстағынан қала типтес жұмысшы поселкесін салуды, оны «Тасбөгет» деп атауды ұсынып, жаңадан салынатын поселке Қызылорда қалалық кеңесіне қарасты болды. Тасбөгет кеңесінің бірінші ұйымдастыру сессиясында Кеңестің төрағалығына Тасмағамбет Батыршаев сайланды. Бұдан кейін қыстақтық кеңес төрағалығы қызметін Қ.Байдаулетов, Т.Оспанов, С.Мұқанов, Е.Алдоңғаров, Ғ.Пірмановтар атқарды. Республика Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1958 жылғы 28 қаңтардағы жарлығымен Сырдария ауданының орталығы Тасбөгет қонысына көшірілді. Оған дейін аудан орталығы қазіргі Әйтеке би көшесіндегі №49 үйде болған, 1962-1967 жылдарда Тереңөзек ауданының құрамына еніп, 1967 жылы Сырдария ауданы қайта құрылғаннан кейін Тасбөгет қала типтес қонысқа айналды. Көшелері асфальттанып, жаңадан ондаған тұрғын үйлер бой көтерді. Екі орта мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, аудандық партия комитеті, орталық кітапхана, жылжымалы мехколоннаның әкімшілік мекен-жайы және т.б. көптеген құрылыстар іске қосылды. 1993 жылғы 20 желтоқсанға дейін Халық депутаттары Тасбөгет поселкелік Советі атқару комитеті, 1996 жылғы 9 сәуірге дейін Тасбөгет поселкелік әкімшілігі, 1997 жылдан бері Тасбөгет қыстағы әкімшілігі Қызылорда қаласына қарайды. Қазіргі таңда Тасбөгет кенті, «Сабалақ» саяжайы және «Иіркөл» елді мекендерінен тұрады. 2003 жылғы 21 сәуірден «Тасбөгет кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі,  2018 жылғы 11 сәуірден бастап «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып бекітілді. Өткен 2018 жылы Тасбөгет кентінің құрылғанына 70 жыл толды.

 

Құрылымы:

 

Қызметкердің

аты-жөні

Лауазымы

Тел.

Электрондық поштасы

1

Шамұратов Пакуатдин Сыражадинұлы

Әкім

21-69-30

p.shamuratov@ korda.gov.kz

2

Байхадамов Жапбасбай Сейітқалиұлы

Әкім орынбасары

21-58-49

zh.baikhadamov@korda.gov.kz

3

Қалыбеков Фазыл Төремұратұлы

Бас маман

70-04-53

f.kalybekov@korda.gov.kz

4

Рахманқұлова Жаннұр Әуезханқызы

Бас маман

70-04-53

zh.rakhmankulova@korda.gov.kz

5

Смағұлов Тоқтар Төлегенұлы

Бас маман

29-03-04

t.smagulov@korda.gov.kz

6

Дәріқожаев Мұрат Орақбайұлы

Бас маман

70-11-14

m.darikhozhaev@korda.gov.kz

7

Әшімов Бекет

Садықұлы

Жетекші маман

70-03-19

b.ashimov@korda.gov.kz

8

Сыздықова Айнұр Қазкенқызы

Жетекші маман

70-03-19

ai.syzdykova@korda.gov.kz

9

Сәрекеева Нұргүл Оспанқызы

Жетекші маман

70-40-65

n.sarekeeva@korda.gov.kz

10

Төлегенова Ақтоты Көпбергенқызы

Жетекші маман

70-40-65

a.tolegenova@korda.gov.kz

11

Қуанышбаева Диана Қуанышбайқызы

Жетекші маман

70-11-14

akimat_tasboget@korda.gov.kz

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектік тізімі:  Жүктеу...484 Кб

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея