Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 05.09.2019Қаралғаны: 101 рет
ОҚУШЫ «ASTANA GARDEN SCHOOL» МЕКТЕБІНЕ ОҚУҒА ТҮСТІ

 

Облыс әкімдігінің қолдауы негізінде 5 оқушы халықаралық бағытта білім беретін «Astana Garden School» жеке мектебіне оқуға түсті. Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова грант иеленген оқушылар мен олардың ата-аналарымен кездесті.

- Дарынды балаларымызды әрдайым қолдап келеміз. Міне, емтихан қорытындысы негізінде 5 оқушымыз Нұр-сұлтан қаласында орналасқан «Astana Garden School» жеке мектебіне оқуға қабылданды. Бұл үлкен жауапкершілік. Сіздер тыңғылықты деңгейде білім алып, ел илігілі үшін сапалы білім алуларыңыз керек. Келешекте мықты маманы атанып, елге қызмет етеді деп сенеміз,-деді Майра Тұрғанбайқызы.

Оқушылар арнайы емтихан негізінде қабылданды. Екі жыл мерзіміндегі оқу құны, жатын орны және өзге де шығындар әкім гранты негізінде төленеді.

Айта кетейік, Қызылорда облыс әкімдігінің бастамасымен өңірлер арасында алғаш болып оқушыларды мектеп кезінен шетелдік жоғары оқу орындарына түсіру бағытында арнайы грант бөлінді. Әлемдік стандарт негізінде білім беретін «Astana Garden School» жеке мектебіне қызылордалық оқушылар да түсе алады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея