Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 06.09.2019Қаралғаны: 86 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 900 ЖАС ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ АТТАНАДЫ

 

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Еркінбек Байболов мәлімдеді. 

«Күзгі мерзімді әскери қызметке 900-ге жуық сыр бойылық жас өрен аттанады деп күтілуде. Оның ішінде 300-ге жуығы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, 300-ге жуығы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық Ұланына, 200-ге жуығы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне шақырылуда. Сондай-ақ 15 жас Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Күзет қызметінде отан алдындағы борышын өтейтін болады» - деді департамент бастығы Е.Байболов.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер мен басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру 100%-дан аса орындалып, 800-ден аса азамат әскерге аттанған болатын.

Іріктеу кезінде дене дайындығы, эмоциялық тұрақтылыққа баса мән беріледі. Сондай-ақ үміткерлер психологтың тексеруінен өтеді. Денсаулық жағдайына байланысты және отбасының жалғыз асыраушысы болып танылатын азаматтар әскерге шақырылудан босатылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея