Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 01.11.2019Қаралғаны: 120 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨРТ КЕЗІНДЕ БАЛКОННАН СЕКІРГЕН АЗАМАТ МЕРТ БОЛДЫ

Кеше Қызылорда қаласы «Шұғыла» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шықты. Оқиға салдарынан 3-қабаттағы пәтер тұрғыны балконнан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл оқиға кеше, яғни 31 қазан күні сағат 16.05 шамасында «Шұғыла» мөлтек ауданындағы №40 үйде орын алған.

Тілсіз жаудың кесірінен пәтердегі тұрмыстық заттар өртенген. Жалын 20 шаршы метрді шарпыды. Өрт сөндіру қызметкерлері сағат 16:31-де пәтер ішіндегі өртті толығымен өшірген. Өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан шыққан.

«Куәгерлердің айтуы бойынша, 3-қабаттағы үй иесі 46 жастағы ер адам өрттен қорғану үшін терезеден секіріп, алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп - тексерудің бірыңғай жүйесіне тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея