Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 06.11.2019Қаралғаны: 89 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ПАРА БЕРУГЕ ИТЕРМЕЛЕГЕН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ СОТТАЛДЫ

Қызылорда қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары пара беруге итермелегені үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Н. Ілиясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Н.С.Тастанбекова қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол алаяқтық жасағаны және азаматшаны техникалық персонал ретінде жұмысқа қабылдау үшін аталған мектеп-гимназия директорына 300 мың теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін күдіктелген», - делінген хабарламада.

Биылғы жылдың 4 қарашасында Тастанбекова Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея