Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қаңтар 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 04.12.2019Қаралғаны: 207 рет
Қ.ЫСҚАҚОВ: ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ЖҰМЫСЫНДА НӘТИЖЕ БОЛУЫ КЕРЕК

Облыс  әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс жедел отырысы өтті.

Соңғы 10 күндікте облыста бірнеше күрделі жол апаттары орын алды. Оның салдарынан 12 адам қайтыс болып, 20  адам жарақат алған.  Атап айтқанда, 21 қараша күні Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылының бойында «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі қоғамдық көліктің аялдамасына соғып, нәтижесіндеф аялдамада тұрған 5 адамның 3-уі оқиға орнында қайтыс болды. Бұл  жол көлік оқиғасында зардап шекендердің 3 оқушылар. Сондай-ақ, күні кеше (3 желтоқсан) «Құмкөл-Қызылорда» автожолының бойында «Саутс Ойл» серіктестігіне қарасты жолаушы тасымалдайтын автобус аударылды. Салдарынан 8 адам қайтыс болып, 22 адам жарақат алды.

Аймақ басшысы Полиция департаменті мен жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, бұл жұмыстар жеке өзінің бақылауында болатынын жеткізді.

«Соңғы болған жол көлік оқиғасына  Мемлекет басшысы тарапынан да назар аударылып, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың құқық бұзушылық профилактика жұмыстарына қатысты ескертпелер айтылды. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен облыстың жол-көлік оқиларының динамикасы 47% жоғарлап отыр, оның ішінде жарақат алғандар 43%, қайтыс болғандар 44% өскен. Полиция департаменті тарапынан берілген ұсыныстарға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Тиісті қаржы бөлініп, материалдық- техникалық базаларыңыз жыл сайын жаңартылуда. Алайда нәтиже жоқ. Жұмыс осы қарқында қалатын болса, ҚР Ішкі істер минстрлігіне Полиция департаментінің жауапты басшыларының атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі жөнінде ұсыныс беретін боламын.»,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Комиссия отырысында  облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары  С.Шотаев баяндама жасап, орын алған оқиғалар мен аталмыш саладағы көрсеткіштердің өсуі полиция органдары тарапынан профилактикалық жұмыстардың тиімсіздігінен екенін айтты. Құқықтық статистикаға сәйкес  өңірде  жыл сайын жол-көлік оқиғаларының өсімі байқалады.Мәселен, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен Қызылорда облысы бойынша жол-көлік оқиғаларының 485 дерегі тіркелген. 

Бүгінгі жиында талдау нәтижесі бойынша облыстық полиция департаментіне және аудан, қала әкімдеріне жол жүру қауіпсіздік деңгейін жоғарлату мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейту ұсынылды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея