Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 5 маусым 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 24.04.2020Қаралғаны: 316 рет
Қызылордаға Ресейден келген 42 студент оқшауланды

Бүгін Қызылордаға Ресейден  42 студент келді. Олардың арнайы автобуспен елге жетуін Ресейдегі Қазақстан елшілігі қамтамасыз етті. Облыс жастарын орталық директоры Бауыржан Мастеков, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұркен Мықбасовпен  бірге тиісті сала өкілдері күтіп алды.

1 «Б» категориясына жататын елден келгендіктен студенттер енді арнайы тест сынамаларын тапсырады. Соның қорытындысы негізінде тұрғылықты жері бойынша 14 күн үй жағдайындағы карантинге қатаң бақылауға алынады немесе қандай да бір күдік болған жағдайда провизорлық стационарға жіберіледі.

Айта кетейік, облыс әкімдігі мен Ресей Федерациясының университеттері арасындағы екіжақты меморандумға сәйкес, бүгінде Мәскеудің және Санкт-Петербургтың маңдайалды оқу орындарында 328 жас білім алуда. Бұған дейін 62 қызылордалық елге оралды.

Бұл ретте басты мәселе –  жастардың жауапкерлігі, сақтыққа салғырттық танытпауы болып отыр.

Себебі, осы кезге дейін Шиелідегі бір ғана оқиға талай отбасын вирус құрсауына алып, опық жегізді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея