Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 5 маусым 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.05.2020Өзгертілді: 13.05.2020Қаралғаны: 453 рет
ХАБАРЛАНДЫРУ!

"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы  аясында  «Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға кредит беру» (Бақытты отбасы бағдарламасы)  бағыты бойынша 2020 жылдың мамыр айының 18-нен 21-і  аралығында  ( карантин талаптарын сақтай отырып) үміткерлерден құжат қабылдау жалғасады.

      Бағдарламаға:

      көп балалы отбасы;

      толық емес отбасы;

      мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.

      Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

       1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;

      3) ағымдағы қаржы жылына отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген 1 (бір) ең төменгі айлық жалақы көрсеткішінен аспайтын, соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалы бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);

      4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);

      5) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;

      6) төлем қабілеттілігін растау;

      7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген  ЖАО-ның растауы.

     Үміткерлермынадайқұжаттардыұсынуықажет:

      1) Бағдарламаға қатысуға  білдірген өтініші (бұдан әрі – өтініш);

      2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

      3) өтініш берушінің  және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

      4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

      5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

      6) соңғы 6 айдағы  табысы  туралы анықтама

      7) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;

      8) Жоғарыда айқындалған санаттардың біріне  өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар (көп балалы отбасы, толық емесе отбасы, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы).

      ҚТҚЖБ шотында қарыз сомасының 10 %-ынан кем емес мөлшерде бастапқы жарна болған жағдайда, ҚТҚЖБ 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй қарыздарын береді.

 

      Кредит беру талаптары:

      қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы  және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;

      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды;

       кепілдікті қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй немесе ҚТҚЖБ-ның тиісті талаптарына сай келетін өзге мүлік.

Үміткерлерден өтініштер мен құжаттар  қабылдау орны: М.Шоқай  көшесі,147 үйі, №1, 2 терезелер, сағ. 9-00-19-00- ге дейін, байл. тел. 24-80-97, 24-80-61, «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары  және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ

Бетперделік режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, (1,5 м кем емес) құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея