Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 5 маусым 2020 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 18.05.2020Қаралғаны: 260 рет
Қызылордада шектеу шараларына өзгеріс енгізілді

Қызылорда облысы бойынша 18 мамырдан бастап карантиннің кейбір мәселелеріне өзгертулер мен толықтырулар енеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте  Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

«Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, кезең-кезеңімен салалар мен мекемелерді жұмысқа қосудамыз. Дегенмен қызмет барысында санитарлық-дезинфекциялық шаралары қатаң сақталып, жұмыс барысы шектеулі уақытқа ғана рұқсат етіледі. Төртінші кезеңге,яғни 18 мамырдан бастап іске қосылатын орындарға қосымша нысандар қосылды. Олар ломбардтар, азық-түлік емес дүкендер, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер. Сонымен қатар, туристік,авиа, теміржол кассалары, діни құлшылық жасау орындары да іске қосылады», – деді Әлия Әбіқайымова.

Жоғарыда аталған нысандар тек шектеулі уақытта ғана қызмет ететін болады. Сондай-ақ,  азық-түлік сататын дүкендердің жұмыс уақыты 10.00-22.00-ге дейін ұзартылды.  Ал тұрғындар қалаішілік такси қызметін 07.00-23.00-ге дейін пайдалана алады. Алайда тұрғындар сақтық шараларын сақтап, ережеге бағынуға міндетті.

Қазіргі таңда аймақта ахуал тұрақты. Құрметті қызылордалықтар, өз денсаулықтарыңызға сақ болыңыздар!

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея