A A- A+
KZ RU
Басты бет

Енгізілді: 05.12.2019Қаралғаны: 227 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ

Қазақстан Республикасының халқына тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде жедел жәрдем және санитарлық авиация, алғашқы медициналы-санитарлық көмек, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек көрсетілетін болады.  Әлеуметтік маңызы бар және негізгі созылмалы аурулар кезінде медициналық көмектердің толық қызметі көрсетіле отырып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.  Осы және өзге де көрсетілетін көмектер медицина қызметкерлеріне арналған семинарда талқыланды.

Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының медициналық қызметтері сапасының мониторингі бөлімінің басшысы   Гүлнар Кенжебаева өз баяндамасында медициналық көмекті көрсету саласының нормативтік-құқықтық базасындағы өзгертулер, ТМККК және МӘМС пакеттеріне кіретін медициналық қызметтердің тізімі туралы түсіндірді. Сондай-ақ семинарда халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және стационарлық, стационарды алмастыратын көмектер туралы бизнес-процесстер талқыланды. 

Тренинг қатысушылары – облыстың медициналық мекемелерінің мамандары өздеріне бағынышты медициналық мекемелерінің қызметкерлерін каскадті тәсілмен оқытатын болады.